Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бағлан Әбдірайымов анасына ауыр ота жасалатынын хабарлады

Опубликовано:

Отандық танымал әнші анасына ауыр ота жасалатынын хабарлап, ниеттес болғандарға дұға етуді өтінді. Отбасындағы жағдайды Бағлан Әбдірайымов өзінің Instagram парақшасы арқылы жеткізген деп жазады NUR.KZ.

"Жігіттер" квартетінің мүшесі өз оқырмандарына анасына ота жасалғалы жатқанын хабарлап, парақшасына жантебірентерлік жазба қалдырған.

"Ниеттес бауырлар! Алланың қалауымен бүгін Анама ота жасайды! Бір айдан аса сынаққа шыдап берген Анашым, сәл шыдасаңыз бәрі артта қалады. Қасиетті Жұмада Алла тілегімізді қабыл етіп, біз ойлағаннанда жақсы етсінші!" , - деп жазған Бағлан Әбдірайымов.

Отандық әншінің бұл жазбасының астына желі қолданушылар өз қолдау тілектерін жаудырған.

"Алла шипасын берсін! Ауырмасын анаңыз"
"Алла бір өзі жар болсын. Анашыңыз тез арада жазылып кетсін"
"Бағлан аға анаңыз үшін дұғадамыз. Тезірек сауығып кетуіне тілекшіміз" , - деп жазған оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1752750-baglan-bdirajymov-anasyna-auyr-ota-zasalatynyn-habarlady/

pixel