RU
Томирис Байсафаның қазақстандық достары мен туыстары тергеуге шақырылмақ
Жаңалықтар Қоғам

Томирис Байсафаның қазақстандық достары мен туыстары тергеуге шақырылмақ

Рассказать Вконтакте

Мәскеуде биіктен құлап қайтыс болған қазақстандық студент-Томирис Байсафаның жақын достары мен туыстары тергеуге шақырылатын болды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Фото: instagram.com/_ahmetova_zhanna

Фото: instagram.com/_ahmetova_zhanna

Ресейде іс жүргізіп жатқан тергеушілер қазір марқұмның психологиялық портретін жасап жатыр.Бұл Томиристің өз-өзіне қол жұмауға қаншалықты дайын болғанын анықтау үшін зерттелуде.

Байсафаның анасы Жанна Ахметованың сөзінше, қазақстандық құқық қорғаушыларға Томиристің достарымен және туыстарымен сөйлесу туралы халықаралық бұйрық жіберілген.

"Тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Біз үшінші тергеушіні ауыстырдық. Біз әділдік үшін күресіп жатырмыз" , - деді Жанна.

Томиристі танитындардың барлығы оның өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес деп отыр.

Қазіргі уақытта марқұмның туыстары Ресейдегі тергеуді бақылайтын заңгермен тығыз байланыста.

Томиристің анасы Мәскеуге де барып тұратынын айтты. Ол істі сот қашан қарайтынын білмейтінін айтты.

Дереккөз: КТК

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel