RU
60 жылдай тілдеспеген ғашықтар әлеуметтік желінің арқасында көңіл қосты
Жаңалықтар Калейдоскоп

60 жылдай тілдеспеген ғашықтар әлеуметтік желінің арқасында көңіл қосты

Рассказать Вконтакте

Ұлыбританияда бұрын-соңды болмаған оқиға орын алды. Айырылысып кетіп, 60 жыл бойы хабарласпаған Эрик пен Элейн ақыр-соңы қосылған. Ұзақ уақыт бойы байланыстарын үзген ғашықтар әлеуметтік желі арқасында бір-бірін тауып алып, бірден некелесуге шешім қабылдаған деп жазады lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lenta.ru

Фото: lenta.ru

Эрик мектеп қабырғасында өзінің әпкесінің ең жақын құрбысына ғашық болып қалған. Алайда, сезімін ішінде сақтап жүрген жеті жасар балақайдың анасы жағдайды біліп қойып, ұлына өзінен екі жас үлкен қызбен сөйлесуін доғаруды талап еткен.

Мектеп бітірген соң, қосыла алмай кеткен ғашықтар 60 жыл бойы хабарласпай, байланыстарын үзген. Бірақ, мектеп кезінде бірге бола алмаған Эрик пен Элейн әлеуметтік желі арқылы бір-бірін тауып, көңіл қосқан.

"Фейсбук болмағанда не істер едік білмеймін.Біз бір-бірімізді ақыр-соңы таппай кетер ма едік" , - деп айтты Эрик.

60 жылдан кейін табысқан ғашықтар үйлену салтанатын екеуі танысқан мектепте жасауды ұйғарған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel