RU
11 жыл құлдықта болған Жамбыл облысының тұрғыны жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар Қоғам

11 жыл құлдықта болған Жамбыл облысының тұрғыны жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысы Байзақ ауданының бір бұрышындағы белгісіз фермада 11 жыл бойы құлдықта болған Бейсен Анарбеков өзінің жанайқайын жеткізді деп хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бейсен Анарбеков. Фото: Астана арнасынан скриншот

Бейсен Анарбеков. Фото: Астана арнасынан скриншот

Алпысты алқымдаған қарияны 11 жыл бойы құлша жұмсаған азамат, оған дұрыс тамақ пен толық жалақы бермеген. Бейсенді қой жайып, қора сыпырып жүрген жерінен әпкесі тауып алыпты.

"Бір тиын ақша төлеместен, малайлыққа ұстап отыр мені. Ішіп алғанда ұрады. Қашып кетейін десем, қорқытады. Осы жерде жалғыз өзім қараймын", - деп жан сырын ақтарды Бейсен Анарбеков.

Әпкесінің айтуынша, Бейсенді Жомарт есімді кәсіпкер әбден қорқытқан.

"Ол үйге баруға қорқады. Бармаймын. Ол құжатымды бермейді. Өлтіреді" дейді", - деген әпкесі бұл адамның құқығын таптау екенін айтуда.

Ал кәсіпкерің айтары басқа.

"Кетем деген адам, бәрін тастап кете қалады. Оған айлық ретінде ақшасын беріп отырдым. Тамағын есептемегенде, айына 15 мың теңге ақшасын беріп отырдым", - деді Жомарт есімді кәсіпкер.

Айта кетейік, Анарбековтің жақындары кәсіпкерді Байзақ аудандық полиция бөлімінен бір-ақ шығарған. Қазір екі тарап айлық-жалақы мәселесін шешуде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
4
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel