RU
Ақтөбеде небары 885 гр болып туған сәби ғажайыптың күшімен аман қалды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде небары 885 гр болып туған сәби ғажайыптың күшімен аман қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбелік дәрігерлер шала туған сәбиді аман алып қалды. Перинатальдық орталықта салмағы бір келі жетпей дүниеге келген нәресте өздігімен демала алмаған деп хабарлайд өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

"Бала 33 см, 885 гр болып туылды. Жағдайы өте ауыр болды. Тыныс алу жолдары толық дамымаған. Бала өздігінен демала алмады. Туғаннан бастап екі айдан аса уақыт аппаратта жатты", - дейді перинатальдық орталықтың дәрігері Айнұр Сағындыққызы.

Кішкентай салмақпен туған ер бала екі айда екі есе салмақ жинаған.

"Сәбидің туғанына бүгін 78 күн болды. Палатаға, анасының қасына көшірілді. Қазіргі салмағы 1800 гр. Әйелдің бұл екенші баласы, бірінші баласы да 950 грамм болып туылды. Қазір ол бала мектепке барып жүр" , - дейді Айнұр Сағындыққызы.

Дәрігерлер перинатальдық орталықта салмағы 800 граммдық сәбидің туылуы бірінші емес дейді.

Мамандар аппараттардың көмегімен аз салмақта туылған бірнеше баланы аман алып қалған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
1
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel