RU
Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеуінің ұлын іздемейтінін айтып, жылап жіберді (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеуінің ұлын іздемейтінін айтып, жылап жіберді (видео)

Рассказать Вконтакте

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова бұдан бірнеше күн бұрын жеке өмірі туралы сұхбат беріп, күйеуінің өзін тастап кеткенін айтқан болатын. Оның айтуынша, олар ресми түрде бір жарым жыл бұрын ажырасып кеткен. 31 арнаға сұхбат берген әнші ұлын да іздеп келмейтін күйеуі туралы айтып, жылап жіберді деп жазады NUR.KZ.

Әнші сұхбатының үзіндісін өзінің Instagram желісіндегі парақшасына жүктеді.

"Осымен тақырыпты, рұқсат болса, жабайық. Аллаға сансыз шүкір бүгінімде бақыттымын! Тәп-тәтті ұл өсіріп отырмын, ата-анам, бауырларым жанымда!

Ең маңыздысы, осындай сынаққа тап болған сәттерімде, әрдайым сағымның сынбауына себепкер болатын мені қолдаушы да, қорғаушы да Сіздер барсыздар! Көзімнің жасын сүртетін жақындарым мен халқымның арқасында мен бекеммін! Құшақтадым!", - деп жазды ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
13
3
3
35
4
7
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel