Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көгілдір көңіл-күй: Краннан аққан көк түсті су ақтаулықты шошытты (видео, фото)

Опубликовано:

Ақтау қаласының тұрғыны үйінде таза судың орнына көк түсті су ағып тұрғанын айтып шағымданды. Бұл туралы inaktau.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Коллаж: inaktau.kz
Коллаж: inaktau.kz: UGC

18 қыркүйек күні Ақтау қаласындағы 5-шағын ауданның тұрғыны су ішейін деп кранды ашқанда өз көзіне өзі сенбей қалғанын айтады. Ол суды таза ыдысқа құйып, тиісті мекемеге алып барады.

Алайда ондағы қызметкерлер судың түсіне біз жауап бермейміз деп шығарып салыпты.

"МАЭК-Қазатомпром" ЖШС бас директорының кеңесшісі Қолғанат Нұржабайұлы қала тұрғындарына мұнтаздай таза су беріп отырмыз дейді. Ал оның "көгеріп" кеткеніне басқа нәрсе себепкер болуы мүмкін дегенді айтады.

"Тұтынушыларға берілетін суды санитарлық-эпидемиологиялық станция үнемі бақылап отырады. Біз тек таза ауызсу таратамыз. Ал көк су алған адам тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөліміне барып, суды сараптамаға жіберуі керек", - дейді Қолғанат Нұржабайұлы.

Айта кетейік, дәл осындай жағдай өткен жылы Атырау қаласында орын алған еді. Ол кезде сараптамада судың құрамы барлық талаптарға сай деген тұжырымдама шығарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1753599-kgildir-kil-kj-krannan-akkan-kk-tsti-su-aktaulykty-sosytty-video-foto/

pixel