Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Егіздер өте жиі туылатын арал туралы не білеміз?

Опубликовано:

Филиппиндегі Алабат аралында егіздердің қалыптан тыс туылу жағдайы тіркелген. Қазір онда 78 жұп гетерозиготалы және 22 жұп монозиготалы егіз өмір сүреді деп хабарлайды korrespondent.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Newslions/ Sherbien decalanio
Фото: Newslions/ Sherbien decalanio: UGC

Аралдағы ең жас егіздер төрт айлық Джан мен Джон болса, ең егде жастағы егіз жұп 80 жастағы Юдосия мен Антонониа екен.

Бір ғана 2015 жылдың ішінде Алабат аралында 12 жұп егіз туылған. Ғалымдар жергілікті жерде егіздердің туылуына қандай фактор әсер етіп жатқанын әлі анықтай алмай отыр.

Жергілікті дәрігерлер егіздердің көптеп туылуын генетика емес, қоршаған ортаның ықпалынан дейді. Алайда оның нақты қандай нәрсе екенін қазір зерттеп жатқан көрінеді. Ең алдымен тұрғындар тұтынатын ауызсуды сараптамаға жіберіпті.

Айта кетейік, әлемде егіздер саны Алабаттан да көп тіркелген Үндістандағы Конинхи ауылы. Онда егіз жұптар саны 350-ден асады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1753611-egizder-te-zii-tuylatyn-aral-turaly-ne-bilemiz/

pixel