RU
Қарағандыда екі баласын жалғыз өзі бағып отырған арбадағы ару жан сырын ақтарды
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда екі баласын жалғыз өзі бағып отырған арбадағы ару жан сырын ақтарды

Рассказать Вконтакте

Қарағандылық Айдана Нұртазина тоғыз жасында тізесінде саркома барын біліп, аяғын ампутация жасауға келіседі. Тағдырдың тәлкегіне қарамастан, келіншек арбадағы би өнерінен Қазақстанның чемпионы атанып, тіпті, әлемдік додаларда да Қазақстанның атағын шығаруды мақсат етіп отыр. Қайтпас қайсар қыздан сұхбат алған Время газеті оның табандылығының сырын біліп көрді деп жазады NUR.KZ.

Фото: 7dney.kz

Фото: 7dney.kz
Source: UGC

Бастапқыда қыздарының аяғында айықпас дерт бар екенін білген ата-анасы, ампутация жасатуға үзілді-кесілді қарсы болыпты. Айдананың әкесі оны бақсы-балгерлерге апарған екен. Алайда, дерттің дендегенін білген Айдана, тез арада шешім қабылдап, аяғын кестіруге келісімін береді.

Айдана 12 жасқа келгенде аяғы қайта қалпына келмейтінін түсіндім дейді. Ата-анасының үйде отыр деген кеңесіне құлақ аспаған ол, 9 сыныпта жәрдемақысын жинап, банк колледжіне оқуға түседі. Бірде автобуста ол жақсы жігітпен танысады. Ол Айдананың аяғында протез барына қарамастан, бір жылдан кейін үйленуге ұсыныс жасап, Айдана тұрмыс құрады.

Дәрігерлер келіншекке сәбилі болу денсаулығына қауіп төндіреді дегеніне қарамастан, Айдана өмірге қыз әкеледі. Ерлі-зайыптылар 4 жылдай тату-тәтті өмір сүреді. Алайда, 4 жылдан кейін жолдасы көзіне шөп салып, жас ана қызымен жалдамалы пәтерге көшуге бел буады.

Өміріндегі қиындықтарға қарамастан, жас ана тігін курсын тәмамдап, Астанадағы би байқауынан үшінші орын алады. Ал табысына тігін машинасын алып, ателье ашады. Сол кезде ол жақын араласатын досына тұрмысқа шығып, оның беделді қызметке тұруына септеседі. Бірақ дүниеге ұлы келген соң, ол бірінші некеден туған қызына жөнді қарамай, Айдана онымен де ажырасу туралы шешімге келеді. Айтуынша, айырылысқаннан кейін, бұрынғы күйеуінің өмірінде тағы да сәтсіздіктер орын алыпты.

"Мен кез келген адамды бақытты ете аламын. Бірақ біреуді үнемі сүйреп жүруден де шаршайды екенсің. Себебі мен бір орында отыратын адам емеспін, маған үнемі ілгері жүру керек", - дейді келіншек.

Айдананың айтуынша, қазір оған көз-қырын салып жүрген ер адамдар көп екен. Алайда, ол олардың ешқайсысымен көңіл жарастырғым келмейді дейді. Қайсар қыз балаларын өсіріп, өзіне және соларға жеке-жеке пәтер алып берсем дейді. Ал 50-ге келген шағында өз бизнесімді дөңгелетіп отырсам деген арманы бар.

Аталған мақаланы көшіріп басуға әрі ондағы мәліметтерді пайдалануға тек «Время» Баспасы» ЖШС рұқсатын алу керек.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel