Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жедел-жәрдем жүргізушісін ұрған түрік жігіті халықтан кешірім сұрады (видео)

Опубликовано:

Осыдан бірнеше күн бұрын Алматыда жедел-жәрдем жүргізушісін ұрған түрік жігіті халықтан кешірім сұрады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Әлеуметтік желілерге тарап кеткен видеода Әли Демир бір қызы мен әйелінің барын айта келе, халықтан өзіне түсіністікпен қарауын өтінген.

"Мен, Әли Демир Түркия азаматымын. Қазақстанда бес айлық қызым мен әйелім бар. Қазақстанда жүргеніме 7 жыл болды. Осында жұмыс істеймін.
Жедел-жәрдем жүргізушісін ұрған сотқарлығым үшін халықтан және жапа шеккен Николй Кучмадан кешірім сұраймын. Маған түсіністік танытуларыңызды өтінемін. Мен үшін отбасымның жапа шеккенін қаламаймын. Шын жүректен кешірім сұраймын", - деді Әли Демир.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Алматыда жеңіл көлік жүргізушісі жедел-жәрдемнің жүргізушісін ұрып тастаған еді.

Артынша ол жігіттің түрік жігіті екені анықталды.

Әли Демир өз кінәсін осыған дейін мойындамай, төбелесті бірінші жедел-жәрдем жүргізушісінің бастағанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1753960-almatyda-zedel-zrdem-zrgizusisin-rgan-trik-zigiti-halyktan-kesirim-srady-video/

pixel