RU
Үш жасар немересін өлімші етіп сабап, тірідей көміп тастаған әжей елді дүрліктірді
Жаңалықтар Әлемде

Үш жасар немересін өлімші етіп сабап, тірідей көміп тастаған әжей елді дүрліктірді

Рассказать Вконтакте

Тәжікстанда айуандықпен өлтірілген үш жасар баланың ісіне қатысты тергеу жұмыстары басталды. Қылмыстық істе баланың әжесі күдікті болып танылды. Оған кішкентай немересін өлімші етіп сабап, артынша оны тірідей көміп тастады деген айып тағылуда деп жазады newtimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: i-sonnik.ru

Фото: i-sonnik.ru
Source: UGC

Қылмыстық іс бойынша жүргізілген тергеу жұмыстарының нәтижесінде Ходжарова Ашура немересін өлтіргенін толықтай мойындаған. Бүгінде ол Бохтар қаласындағы уақытша тергеу изоляторына тоғытылды.

Үш жасар баланың әкесі қайғылы жағдай 12 қыркүйек күні орын алғанын хабарлады. Айтуынша, Ресейге жұмыс істеуге кеткен ер адамға анасы баланың суға батып кеткенін жеткізген.

"Адам сенгісіз жағдай. Баланың денесінде сау жер жоқ. Тіпті бір қолы болмады. Екі аяғы екі жақта" , - деп айтты ауыл басшысы.

Тәжікстан Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, әйел адам немересін тірідей көміп тастаған.

Сіздің реакцияңыз
5
1
5
7
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel