Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзінен 14 жас кіші бойжеткенмен шаңырақ көтерген журналист тойын дүркіретіп өткізді

Опубликовано:

Танымал тележүргізуші Асқар Меңдібаев 42 жасында өзінің жүрегінің жартысын тапты. Өзінен 14 жас кіші бойжеткенді қолына қондырған журналист тойын дүркіретіп өткізген деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

31 арнаның жаңалықтарына тоғыз жылдан бері атсалысқан Асқар Меңдібаев сүйгенін өз жұмыс орнынан тапқан.

"Мен Айымды жаңа жылдық кеште кездестірдім. Оның бізде жұмыс істейтінін білмедім. Оны сол кешке дейін байқамаппын. Маған Айымның құрбылары көп көмек көрсетті. Алғаш рет шағын сыйлықтар беріп жүрдім. Кейін кездесуге шақырдым", - деп ағынан жарылды журналист.

Бір қызығы Айым арнада 4 жыл жұмыс істесе де, олар бір-бірін жаңа жылда ғана жолықтырған.

"Мені ашық-жарқын көңілімен баурап алды. Ақкөңіл, әрдайым қол ұшын беріп жүреді", - деді жас келін.

Айта кетейік, жас жұбайлар бал айын Түркияның Белек қаласында өткізуге шешім қабылдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1754399-zinen-14-zas-kisi-bojzetkenmen-sayrak-ktergen-zurnalist-tojyn-drkiretip-tkizdi/

pixel