Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байзақова жүкті екенін ел алдында мойындады (фото, видео)

Опубликовано:

Атышулы Байзақованың аяғы ауыр болып шықты. Желідегі жартылай жалаңаш суреттерінің арқасында танылған ару өзінің ұзақ уақыт бойы ел назарынан жоғалып кетуінің себебін ашты деп жазады NUR.KZ.

Әлеуметтік желідегі ашық суреттерінің арқасында танымал болған Байзақова біраз уақыт бойы жұрт назарынан тыс қалып, өз оқырмандарын алаңдатып қойған. Күні бүгін ару өзінің жоғалып кетуінің себебі жүктілігінде екенін айтты.

"Менің ұзақ уақыт бойы желіде белсенділік танытпай, назардан тыс қалуымның себебі жүктілігім. 30 аптадамын. Алайда, ішіме қарап менің аяғым ауыр екенін айту өте қиын. Әрине ел назарына ілікпей жүру мен үшін оңай болған жоқ. Бұл жаңалықты құпия сақтап қалғым келіп еді. Бірақ қуанышымды жасырудың қажеті жоқ деп шештім" , - деп айтты Айжан Байзақова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1754450-bajzakova-zkti-ekenin-el-aldynda-mojyndady-foto-video/

pixel