RU
"Не деген ұятсыз адамсыз?": Талдықорғандық шенеунік көмек сұраған халыққа ұрсып тастады
Жаңалықтар Қоғам

"Не деген ұятсыз адамсыз?": Талдықорғандық шенеунік көмек сұраған халыққа ұрсып тастады

Рассказать Вконтакте

Талдықорған қаласы Ынтымақ ауылының тұрғындары 10 жыл бойы жарықсыз, сусыз және жолсыз өмір сүруде. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Марлен Көлбаев. Фото: Видеодан кадр/ КТК

Марлен Көлбаев. Фото: Видеодан кадр/ КТК

Ынтымақ ауылының құрылысы 10 жыл бұрын басталған. Бүгінгі күнге дейін шенеуніктер тұрғын үйлерге электр энергиясы мен су құбырларын орнатуды, жолдың жағдайын қалыпқа келтіріп, жолаушыларды тасу мәселесін қарастыруға уәде беріп келген.

Фото: time.kz

Фото: time.kz

Алайда бұл уәделер тек сөз жүзінде қалған. Аулы тұрғындарының сөзінше, осы уақытқа дейін көлік пен жол, жарық пен су мәселесі шешілмеген.

Осы мәселеге қатысты ауыл тұрғындары бірігіп, елді мекенді жарықпен қамтамасыз ету үшін трансформатор орнатқан екен.

Фото: time.kz

Фото: time.kz

Ауылда, тіпті, көшелердің де аты жоқ. Ал үйлерге нөмірлер де тіркелмеген. Халық "Жедел жәрдемді" тас жолдың бойында күтіп алады.

Қалаға бару үшін тұрғындар ең жақын аялдамаға үш шақырым жүруге мәжбүр.

Фото: time.kz

Фото: time.kz

Ал ауылда мектеп болмаған соң, таңертең аялдама адамдарға лық толып тұрады екен. Мұнда 3-4 баласы бар отбасылар көп. Атап айтсақ, осы жылы 160-қа жуық бүлдіршін мектепке, тағы біршамасы балабақшаға барған.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, қаланың жағдайы әкімшілікте жұмыс істейтін азаматтың үйінде ғана қарастырылған. Тас жол оның қақпасының ғана емес, есік алдына да төселіпті.

Фото: time.kz

Фото: time.kz

Халықтың осы мәселеге қатысты арызын Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев тыңдады.

Ол бұл істер жақын арада орындалатынын жеткізді. Одан бөлек шенеунік халықтың билік өкілдерін неліктен түсінбейтінін айтып қынжылды.

"Не деген ұятсыз адамсыз? Мен айтып отырмын, тыңдамайсыз ба? "Қашан, қашан?" деп сұрай бересіз. Менің айтқанымды барлығы естіді ғой. Мұнда келген әр адамға жеке-жеке түсіндіруім керек пе?", - деді Көлбаев.

Ынтымақ ауылының тұрғындары жыл сайын берілетін уәдеден шаршағандарын айтады. Олар енді сотқа жүгінуді жоспарлап отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
12
0
2
2
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel