Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нағыз еркек болайық": Қайрат Құдайберген аяғы ауыр Байзақованы жақтады

Опубликовано:

Белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайберген өзінің Instagram парақшасында атышулы блогер Байзақованы жақтап шықты. Ол онда "бойжеткен қандай болғанымен, құрсақтағы сәбидің еш кінәсі жоқ" деген ойын ашық айтты деп жазады NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: UGC

Қоғамдағы түрлі оқиғаларға қатысты өз ойын ашық айтатын бизнесмен бұл жолы да Байзақова жайлы пікірін желідегі парақшасына жазған.

"Кешелі бері барлық БАҚ пен желіде Айжан Байзақованың жүкті екені туралы ақпарат тарап кетті. Өкініштісі, бұл жаңалық бүкіл елді тағы да екіге бөліп қойды.

Олардың бірі Байзақованы жақтап шықса, енді бірі даттап жатыр. Менің пікіріме келер болсам, маған бәрібір, хайпқа қатысты айтарым жоқ, тек бейкүнә сәби дін аман болса болды.

Оның түк кінәсі жоқ қой, келісесіздер ме? Ал, анасына тіл тигізіп, оны даттап жатқан ер-азаматтарға айтарым, сіздер ондай санасыздыққа бармаңыздар.

Байзақованың қандай адам екенін кім білсін және оның өміріне араласқым да келмейді, тек осындай ауыр пікірлердің бәрі балаға зиянын тигізбесе болғаны.

Ағайындар, қандай жағдай болмасын, еркекше ойлап, сөйлейік. Әйелдердің деңгейіне түспей, өзімізді қашан да нағыз ер-азамат екенімізді көрсетейік", - деп жазған.

Желі қолданушылары бизнесменнің аталған жазбасына риза болған. Олар "Нағыз еркек", "Жарайсыз", "Орынды пікір" деген пікірлерін жарыса жаудырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1754620-nagyz-erkek-bolajyk-kajrat-kdajbergen-aagy-auyr-bajzakovany-zaktady/

pixel