RU
Қасымов рейдерлік жасады деп күдікке ілінген генералға қатысты түсініктеме берді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қасымов рейдерлік жасады деп күдікке ілінген генералға қатысты түсініктеме берді

Рассказать Вконтакте

Павлодардағы облыстық ІІД-нің бастығы, генерал-майор Амантай Әубәкіров рейдерлік әрекеттер жасады деген күдікке ілінді. Тәжірибесі мол шендіні Александр Ли есімді АҚШ азаматы сотқа берген. Оның айтуынша, Әубәкіров шетелдік кәсіпкердің мейрамханасы мен компаниясын заңға қайшы әрекеттермен тартып алған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: elorda.info

Фото: elorda.info

АҚШ азаматы арнайы бейнежазба түсіріп, онда генерал Әубәкіров, оның әйелі мен күйеубаласын да айыптаған. Танымал генералды рейдерлік істеді деп кінәлаған америкалық кәсіпкердің үндеуі желіде қызу талқыға түсті.

Скриншот: КТК

Скриншот: КТК

" Әубәкіровтың қызы мен күйеубаласы менің компаниямның құнды заттарын иемденіп алды. Оның әйелі болса, маған тиесілі алкоголь импорты мен көтерме сауда-саттығымен айналысатын компаниямды өзінің жіті қадағалауына алған. Бұл жанұяның маған жасаған заңға қайшы әрекеттері 69 миллион теңге көлеміндегі шығынды құрады.
Скриншот: КТК

Скриншот: КТК

Бұл тұрғыда ІІМ генералдың әйелі шетелдік кәсіпкермен компанияны біріге ашқанын анықтады.

Тәртіп сақшысының жанұясы мен Александр Ли ұзақ жыл бойы бизнестерін бірге іске асырып, табысқа да бірге кенеліп жүрген. Алайда, өткен жылы олардың арасында өзара келіспеушілік орын алып, олар ортақ шаруаны тоқтатқан.

Жергілікті тұрғындар ағылып баратын мейрамхана бүгінде жабылып қалған. Ол алты ай бұрын өз жұмысын толыққанды тоқтатса керек.

Халық арасында қызу талқыға түскен Амантай Әубәкіров жөнінде ІІМ министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеме жасады. Ол алты жыл бойы елордада қызмет еткен бұрынғы орынбасарының соты жайлы өз пікірін білдірді.

Скриншот: КТК

Скриншот: КТК

" Павлодарлық ІІД басшысының соты жүріп жатыр. Біздің департамент те өз тексеру жұмыстарын іске асыруда. Бұған қатысты прокуратура да іс қозғады. Сот шешімі шыққаннан кейін ғана бізде шешім жасап баяндайтын боламыз" , - деп қысқа қайыррды министр.

Дереккөз: КТК

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel