RU
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген астаналық келін жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар Қоғам

Енесі мен күйеуінен қорлық көрген астаналық келін жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Енесі мен күйеуінің қорлығына шыдай алмаған Нарғыз есімді келіншек өзінің басынан өткен қиындықтарын жайып салды деп хабарлайды "Өз ойым" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Нарғыз. Фото: "Өз ойым" бағдарламасынан

Нарғыз. Фото: "Өз ойым" бағдарламасынан
Source: UGC

Шымкенттік Нарғызды астаналық жігіт алып қашқан көрінеді. Бойжеткен күйеуінің бұрын бір рет ажырасқанын, баласы барын білмепті.

"Енем үнемі араласа береді. Тіпті біз ойнап жатсақ та, бізге "ажырасыңдар", "кет" деп айтады. Үйдің тірлігіне де араласып жүреді. Баласы екеуі менің айлығымызды алып отырады.

Күйеуім әйелі бола тұра, өзге қыздармен кездеседі. Күйеуіммен ұрысып жатсам, енем "Сендер үй бола алмайсыңдар. Ажырасыңдар" деп сөйлейді.

Осы кезде күйеуім енеме сөйлеме деп мені ұра бастады. Соңғы рет екеуі екі жақтап жабылды. Адам құрлы көрмейді. Құл сияқты жұмсайды", - деп сырын ақтарды Нарғыз.

Нарғыз соңғы рет осы соққыға шыдамай, үйін тастап, кетіп қалған.

Сіздің реакцияңыз
4
5
2
25
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel