RU

АҚШ-қа қарапайым ұшақпен барып қайтқан Жээнбеков көпті тәнті етті

Қырғыз басшысы Сооронбай Жээнбеков Нью-Йорк - Бішкек бағытында ұшқан жолаушыларды таңғалдырды. Ел президенті қарапайым адамдармен бірге борттың эконом-класында болған деп хабарлайды Sputnik Кыргызстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

ваппп
Фото: facebook.com/azamat.baialinov: UGC

Дереккөздің мәліметінше, Қырғызстан басшысы тұрақты авиакомпаниялардың эконом класс қызметтерін пайдаланған. Жээнбеков Нью-Йоркқа БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-ші сессиясына қатысу үшін барып, аталмыш рейспен кері ұшып кетіпті.

Президентпен түскен суретін алғашқылардың бірі болып саясаткер Темірлан Сарлықбекұлы жариялаған.

Ол өз жазбасында Сооронбай Жээнбековтің көпшілікті қарапайымдылығымен тәнті еткенін атап өтіпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1755121-aks-ka-karapajym-sakpen-baryp-kajtkan-zeenbekov-kpti-tnti-etti.html