RU
Қарағандыда қарт әжейді байқамай "алып қашқан" жігіт сотталып кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қарағандыда қарт әжейді байқамай "алып қашқан" жігіт сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

80 жастағы қарт әжейді байқамай, далада тұрған көлікті айдап кеткен қарағандылық жүргізуші ақыры сотталып тынды. Өзімен бірге ішімдік ішкен досын пышақтап, бөтен біреудің көлігімен қашып кетпекші болған азамат алты жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды КТК арнасы.

вуцпмпи

Скриншот: КТК арнасы

24 жастағы жігіт қыстың күні бөтелкелесімен араққа тойып алып, мас күйінде қолын қанға былғаған.

Сөйтіп жол бойында есігі ашық тұрған көлікке отыра кетіп, алды-артына қарамай қаша жөнеледі. Алайда ол артқы орындықта жасы сексендегі әжей отырғанын байқамапты.

Жүргізушінің анасы айқайға басқан сәтте қорқып кеткен бұзақы іле-шала көлікті жол бойындағы ағашқа апарып соққан.

Темір тұлпардың артқы орындығына жатып алған қария зардап шекпепті. Ал көліктен түсе сала аяқ киімдері шешіліп қалған жігіт қақаған аязда жалаңаяқ қаша алмаған.

Көп ұзамай қолға түскен 24 жастағы азамат сот шешіміне сәйкес, өзі мініп кеткен көлік иесіне 11 млн, ал пышақтаған бөтелкелесіне 800 мың теңге өтамақы төлеуге міндетті.

Дереккөз: КТК арнасы

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel