RU
NUR.KZ тілшісін өз үйінің алдында өлтіріп кеткен күдікті қолға түсті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

NUR.KZ тілшісін өз үйінің алдында өлтіріп кеткен күдікті қолға түсті

Рассказать Вконтакте

ІІМ криминалды полиция департаментінің қызметкерлері Ақмола облысы Аршалы ауданы Ижевское ауылындағы Есіл өзенінің жағасынан астаналық журналисті өлтіріп, қашып кеткен күдікті азамат Гусейновті қолға түсірді деп хабарлайды NUR.KZ.

NUR.KZ тілшісін ұрып өлтірген қылмыскер қолға түсті

Ирина Бекетова/ қылмыскер Гусейнов. Фотоколлаж: NUR.KZ
Source: UGC

Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев мәлімдеді.

24 қыркүйек күні түнде NUR.KZ порталының Астана қаласындағы тілшісі Ирина Бекетованы өзімен бірге тұратын азамат қызғаныштан ұрып өлтірген болатын.

Қылмыс жасаған соң қашып кеткен қаскөйді іздеу шараларына ІІД-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылған еді.

Күдіктіні ұстау операциясы өте тез аяқталған. Ол ешбір қарсылық көрсетпеген және қашуға да әрекет етпепті.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Астана полициясы NUR.KZ тілшісін өлтірген күдіктінің кім екенін анықтағаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel