RU
Маңғыстау облысында төбелестен 25 жастағы азамат көз жұмды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Маңғыстау облысында төбелестен 25 жастағы азамат көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облыстық ауруханасында төбелес салдарынан көз жұмған 25 жастағы жігіт жеткізілген. Бұл туралы lada сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: lada.kz

Фото: lada.kz

30 қыркүйек күні Маңғыстау облыстық ауруханасына екі белгісіз азамат өлі жігіттің денесін әкелген.

Аурухананың қабылдау бөлімі меңгерушісі Айтқали Шалабаевтың айтуынша, артынша олар көзден таса болған екен.

"1993 жылы туған азаматтың ауруханаға келгенде өлі болғаны анықталды. Барлық тергеу істері Мұнайлы ауданының ішкі істер басқармасына тапсырылды", - деді Айтқали Шалабаев.

Есімін жасыруды сұраған азаматтардың айтуынша, азамат төбелестен соң қайтыс болған. Ал текетірес Мұнайлы ауданының Қызытөбе ауылында екі азаматтың арасында болған. Жәбірленушінің кеудесіне арматурамен соққы жасалған көрінеді.

Бұл оқиғаға қатысты lada редакциясы Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаментінен ресми пікір күтіп отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel