RU

"Мүлде басқа": Ерке Есмаханның өзіне ұқсамайтын туған сіңлісі жайлы не білеміз?

Отандық танымал әнші Ерке Есмаханның сіңлісі Ақбөпе тұрмысқа шыққаннан кейін ғана елге таныла бастады. Бұған дейін көпке беймәлім болған ару жайлы оның ұзату тойынан кейін айта бастаған деп жазады NUR.KZ.

Көпшілік Ақбөпенің үлкен әпкесіне мүлде ұқсамайтынын айтуда. Алайда, арудың әлеуметтік желісіндегі суреттеріне қарағанда оның да шоу-бизнеске тікелей қатысы бар екенін аңғаруға болады.

Ерке Есмаханның сіңлісінің тойына барша қазақстандық шоу-бизнес қаймақтары жиналған. Бірақ та отандық жұлдыздар мерекелік шараға танымал әнші тарапынан емес, Ақбөпенің достары ретінде келген. Олар думанды тойдан фото және видео материалдарды белсенді түрде бөлісуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1756352-mlde-baska-erke-esmahanny-zine-ksamajtyn-tugan-silisi-zajly-ne-bilemiz.html