Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жақында ұлынан айырылған Сәуле Әбединова тағы бір бауырынан көз жазып қалды

Опубликовано:

Осыдан біраз уақыт бұрын жалғыз ұлын жер қойнына тапсырған тележүргізуші Сәуле Әбединова тағы бір жақынынан айырылды. Бұл жайында "Ақжүністің" жүргізушісі Instagram парақшасында мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.

Әбединова ұлы Абзалмен қатар өскен Нұрсұлтан есімді жақынын да жер қойнына тапсырғанын айтты.

Тележүргізушінің айтуынша, бауырынан 2-ші қыркүйек күні айрылып қалған.

"Қайта-қайта жақыныңнан айырылу туралы жұртқа айтқан өте ауыр. Баламдай болған Нұрсұлтанымызды да жер қойнына тапсырғалы бір ай өтті. "Неге" деген сұрақ маза бермейді. Отбасында төрт қыз болсақ, төртеуміздің де ұлдарымыз жастай кетті.
"Жоқтау жазу қиын, жазбаймын" деп өзімді алдарқатып жүргеніммен, жыламаған күнім жоқ. Жатқан жерлерің жарық болсын, құлындарым", - деп жазды Әбединова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1756685-zakynda-lynan-ajyrylgan-sule-bedinova-tagy-bir-bauyrynan-kz-zazyp-kaldy/

pixel