Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өз басына пышақ сұғып алған азамат жұртты шошытты (фото)

Опубликовано:

Ресейдің Ростов облысында адам сенгісіз жағдай орын алды. Өз басына пышақ сұғып алған Донецк қаласының тұрғыны ғажайыптың күшімен аман қалған деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua
Фото: segodnya.ua: UGC

30 жастағы Юрий өз әрекетін "басым демалғысы келді" деп түсіндірген. Ал бұл жағдайға немқұрайлы қарамаған тұрғындар тез арада полицейлерді шақыртыпты.

Тәртіп сақшылары оқиға орнына келіп, Юрийдің есінен танбай тұрғанына таң қалған. Ақыл-есі дұрыс емес азамат мұрнының бітелгені мазалағанын да айтыпты.

Азаматта Донецк қаласының орталық қалалық ауруханасына жеткізіпті. Ол жақта Юрий бәрімен сөйлесіп, қалжыңдаса беріпті.

Ол медбикеден басындағы пышақтың кедергі болып жатқанын, сол үшін алып тастауын айтыпты. Жергілікті тілшілер Юрийді психиатрдің тізімінде тұрғанын біледі екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1756784-z-basyna-pysak-sgyp-algan-azamat-zrtty-sosytty-foto/

pixel