Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бүйрегімді сатқысы келді": Белгілі автосалон менеджері мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Алматыдағы "Тойота Сити" автосалонының менеджері Мадияр Оразақын тергеуге алынған. Ол көлік сатып алуға ниет білдіргендерден миллиондаған қаржы жинап алғанымен, тауарды рәсімдеп бермеген. Алайда айыпталушы күтпеген жерден мәлімдеме жасады деп хабарлайды "Время" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мадияр Оразақын. Фото: "Время" басылымы
Мадияр Оразақын. Фото: "Время" басылымы: UGC

Менеджер өз хатын тергеу изоляторынан беріп жіберген. Іс "Тойота Ситиде" бұрын соңды болмаған жеңілдік жарияланған соң ушығып кеткен.

Оның сөзіне сүйенсек, сату бөлімінің басшысы Дмитрий Те оны өз кабинетіне шақырып алып, компания құрылтайшысының ресейлік Тойота-орталығынан көліктерді өз бағасына алуға мүмкіндігі барын жеткізеді. Ал Мадиярға арзан бағада көлікті сатып алатын клиенттер табуды тапсырады.

Алғашқы екі көлікті арзан бағада сатқан соң, Алматыда ол туралы жаңалық желдей есіп кетеді. Бақытжан Смайылов пен оның ағасы Land Cruiser 200 көлігін 17,5 миллион теңгеге, Camry 55-ті 7,5 миллион теңгеге алып, өз аттарына рәсімдеді деген ақапаратқа барлығы шынында сеніп қалады.

Ал құрылтайшы Сухраб Махмудов, директор Динара Искакова мен сату бөлімінің басшысы Дмитрий Те менеджерге барлық келісімдер заңды түрде болатынын айтқан.

Алайда келесі 26 клиенттің төлеген ақшасы кассаға жеткізілмейді. Мадиярға мұндай тапсырманы басшылардың өзі беріпті.

"Маған қай ақшаны кімге алып бару керектігін Те айтып отырды. 17,5 миллионға жетпесе өзіне тапсыратынмын. 30 миллионнан асса Махмудовқа жеткіздім, ал кей клиенттер Теге ақшаны өз қолдарымен ұстатты", - дейді менеджер.

Ал жұмыс күні аяқталған соң ол өзге әріптестерімен бірге 500 мыңнан 2 миллионға дейін әр келісімнен үлесін алып отырған.

Менің бүйрегімді сатқысы келді

Бір күні көлік аламын деп 20 миллион төлеп қойған клиент Жеңіс Үшкемпіров әбден ашуға мініп, Мадиярды ұрлап кетеді. Оны сабап, қорқытып, тіпті Қырғызстанға алып кету туралы жоспар құрыпты.

"Олар шетелде менің бүйрегімді сатып, өз ақшасын қайтарып алуды ойластырды", - дейді Мадияр.

Алайда азамат қамап қойған жерден қашып шығады. Көп өтпей-ақ автосалондағы алаяқтық бойынша қылмыстық іс қатысушысына айналады.

Мадиярды өз әріптестерімен бірге 182 миллион теңгені қалтасына басты деп айыптаған.

"Бұл астыртын әрекетке Махмудов пен Искакованың қатысы жоқ деп айтуға болмайды. Мүмкін олардың жазасыз қалуына жеткілікті ақшасы мен билігі бар шығар?
Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов пен бас прокурор Қайрат Қожамжаровтан осы істі өз бақылауына алуларын сұраймын", - деп жазған Мадияр.

Автосалон: Алматылықтар ешқандай ақша төлеген жоқ

Осы орайда NUR.KZ редакциясына "Тойота Сити" автосалонынан келген ресми хатта алматылықтардың ешқандай ақша төлемегені мәлім болды.

"Азаматтардың арызына байланысты, бейнебақылау камераларын тексергеннен кейін автосалон аумағында көлік үшін ешкімнің де ақша төлемегенін нақты айта аламыз. Бұл тұлғалардың барлығы ақшаны кассаға тапсырмаған", - дейді олар.

Еске салсақ, автосалон менеджері алматылықтардың миллиондаған ақшасын алып, өзі қашып кеткен болатын. Ол жарты жылдай жасырынып жүріп, кейінірек Түркістан облысындағы Сарыағаш қаласында қолға түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1757607-bjregimdi-satkysy-keldi-belgili-avtosalon-menedzeri-mlimdeme-zasady/

pixel