Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айқын өзінің ғашығына арналған орысша әнге бейнебаян түсірді

Опубликовано:

Екінші рет отбасын құрып, ұлды болған Айқын сүйіктісіне арнап бейнебаян түсірді деп хабарлайды "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Айқын отбасымен. Фото: SN.kz
Айқын отбасымен. Фото: SN.kz: UGC

Жаңа бейнебаянына біраз қаражатын сарп еткен әнші туындысының сүйгеніне арналғанын мойындады.

"Бұрынғы клиптерден өзгешелеу, шығыны үлкендеу болмақ. Айта кететіні, бұл әнім орыс тілінде. "Ты моя" деп аталады. Әні мен сөзін өзім жазғанмын.

Клипте көлігінің ішінде отырған жігіт сүйгенін еске түсіріп, қоңырау шалады", - деді әнші.

Айта кететіні, әнші су жаңа туындысын жарты ай көлемінде көпшілікке ұсынбақ.

Ал Айқынның өзге әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1757702-ajkyn-zini-gasygyna-arnalgan-oryssa-nge-bejnebaan-tsirdi/

pixel