Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлназ Әлімгерей 60-қа толған әкесіне естен кетпес сый жасады (видео)

Опубликовано:

Отандық танымал тележүргізуші Гүлназ Әлімгерей әкесінің 60 жасқа толуына орай оған естен кетпес тосын сый жасады. Әпке-бауырымен біріге ол Астанадан Ақтөбеге түнделетіп арнайы ұшып келген. Түнгі он екі де үйінің алдында балаларын көрген әкенің қуанышында шек болмаған деп жазады NUR.KZ.

60 жасқа толған әкесін түнгі он екіден кейін құттықтау Гүлназ Әлімгерей мен оның бауырлары үшін қиынға соқпаған. Өзге қаладан ұшып келген олар ата-анасына естен кетпес сый жасаған.

Ал перзенттерінің келерінен бейхабар әке күтпеген оқиғаға қатты қуаныпты. Алдын ала құрған жоспарлары іске асқан тележүргізуші ата-анасын көргенде еріксіз көзге жас алғандарын да айтады.

"Әкеміз Әлімгерей бүгін Алланың қалауымен асқаралы 60 жасқа келді. Түнде үш баласы бірінші рет күйеу-келінсіз, бала-шағасыз (жұмыс күні болған соң) Ақтөбеге ұрын келдік. Шынымен тосынсыйымыз іске асты. Әкеміз толқып, анам екеуі көздеріне жас алды.
Папа мен маманың қуанғанын көріп біз де көздің жасын сығып алдық. Түнгі 12 қуанышымызға ортақтасқан дос-әріптестерге, гүл мен шарды алдымыздан әзірлеп қойғандарға мың алғыс. Өмірде қуанышты сәттеріміз көп болғай" , - деп жазды Гүлназ Әлімгерей.

Желідегілер танымал тележүргізушінің игі әрекетіне тәнті болып, жылы лебіздерін білдіруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1758358-glnaz-limgerej-60-ka-tolgan-kesine-esten-ketpes-syj-zasady-video/

pixel