RU

2040 жылға қарай адамдардың орташа өмір сүру жасы ондаған жылға ұзармақ

АҚШ-тың Сиэтл қаласындағы зерттеу институтында ғалымдар 2040 жылға қарай адамдардың орташа өмір сүру жасы айтарлықтай ұзаратынын дәлелдеді. Бұл туралы NewsOboz.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: newsoboz.org
Көрнекі фото: newsoboz.org: UGC

Зерттеушілер мәліметінше, егер әлемдік денсаулық сақтау саласының дамуы осы қарқынынан тоқтамаса, 158 елдегі адамдардың орташа өмір сүру жасы бірнеше жылға ұзарады. Ал 46 елдің халқы тіпті, 10 жылға дейін ұзақ өмір сүруі мүмкін.

Сонымен, Қытайда бұл көрсеткіш 5,6 жылға көбейіп, тұрғындардың орташа өмір сүру жасы 81,9-ға жетеді.

АҚШ-та небәрі 1,1 жасқа ұзарып, 79,8-ге көтеріледі.

Ұлыбританияда 2,5 жылға өсіп, халықтың орташа өмір ұзақтығы 83,3 жасқа жетеді деп күтілуде.

Тұрғындары ең ұзақ жасайтын елдер тізімінде көшті Испания бастамақ. Онда адамдардың басым бөлігі 85,8 жылға дейін жер басып жүреді. Ал одан кейінгі орындарда Жапония (85,7 жас) және Сингапур (85,4 жас) екен.

Сондай-ақ ғалымдар пікірінше, кей елдерде керісінше өмір сүру ұзақтығы қысқарады екен. Оған қатерлі ісік, қан диабеті, өкпе аурулары мен бүйрек, жүрек дерті сияқты инфекциялық емес аурулар сеп болуы мүмкін дейді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1758827-2040-zylga-karaj-adamdardy-ortasa-mir-sru-zasy-ondagan-zylga-zarmak.html