RU

Ерке Есмахан өзін алдаған танымал әзілкештерді балағаттап тастады (видео)

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан бағдарлама аясында өзіне қатысты "алдау операциясын" ұйымдастырған әзілкешетерді балағаттап тастады. Шоу-бизнес жұлдызының ашуға бой алдырған сәті желіге тарап, көптің талқысына түсті деп жазады NUR.KZ.

Ғаламтор кеңістігіне тарап кеткен видеода Ерке Есмахан ұлымен бірге бой көрсетті.

Бейнежазбада отандық әнші өзіне гүл шоқтарын ұсынған әзілкештерді қуып, оларға балағат сөздерді жаудырғаны көрініс тапты.

Қазақ эстрадасының өкілін алдамақ болғандар Еркенің мұндай әсер аларын күтпеген сыңайлы.

Өзінің оңбай алданғанын білген ару ашуға бой алдырып, артынан көз жасын тоқтата алмады.

Желі оқырмандары отандық әншінің бұл әрекетіне қатысты өз пікірлерін белсенді түрде бөлісіп жатыр.

Бірі оның қиын жағдайда қалғанын айтып, түсіністік танытуды сұраса, кейбірі балағаттағаны үшін аяусыз сынға алды.

"Тәрбиең қайда? Қазақ қызына сай емес қылық", "Әдемі жылайды екен. Сеніп те қалдым. Ал негізі бәрі таза пиар, атын шығару үшін", "Баласының көзінше бұлай істегені дұрыс болмады", "Сөздің шыны бетпердесі шешілді ғой. Жүйкесі әбден жұқарған ғой мына қыздың", "Кімде болса қатты ашуланса боқтайды деп ойлаймын", "Шын бет-келбеті осы. Міне сендердің жұлдыздарың" , - деп жазуда көпшілік.

Естеріңізге сала кетейік, Ерке Есмаханның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1759135-erke-esmahan-zin-aldagan-tanymal-zilkesterdi-balagattap-tastady-video.html