RU
Төрт баласы бар: Рысбек Аташтың "Қалаулым" аруына сөз салғаны рас па? (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Төрт баласы бар: Рысбек Аташтың "Қалаулым" аруына сөз салғаны рас па? (видео)

Рассказать Вконтакте

Бұрын "Арай" тобында ән салған Рысбек Аташ пен "Қалаулым" бағдарламасының бірінші маусымына қатысқан арудың көңіл жарастырғаны жайлы қауесет ел арасында тарап кеткен. Осы сөзді растағандай, күні кеше желіде Сұлуфан мен Рысбектің құшақтасып, сақина көрсетіп тұрған видеосы пайда болды деп жазады NUR.KZ.

Бұл видеоны көрген оқырмандар әншіні қызу талқыға салды.

"Мұның төрт баласы бар еді ғой", "Сонда бұл да әйелін тастап кеткен бе?", "Ажырасып кеткенсіз бе?", "Клипке түскен шығар", "Төрт баласын тастайтын ақымақ адамға ұқсамайды".

"Мына қыз кім өзі?", "Біраз уақыттан бері екеуін бірге көріп жүрміз", "Үйде балалары мен әйелі күтіп отырған шығар. Ал мұның жүрісі мынау", - деп пікір білдірді оқырмандар.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Рысбек Аташ пен Сұлуфанның көңіл жарастырғаны жайлы ақпаратты жариялаған болатынбыз.

Естеріңізге сала кетейік, Рысбек Аташтың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
13
0
2
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel