Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өмірін әскери-теңіз қызметімен байланыстырған ару жайлы не білеміз?

Опубликовано:

Балалық шағы Каспийдің жағасында өткен Дарья Кириченко болашақ өмірін кішкентайынан тек теңіз флотымен байланыстырған. Колледжді "Коммерция" мамандығы бойынша тәмамдаған аруды әскери қызметке келуге анасы жігерлендірген деп жазады Время газетіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: time.kz
Фото: time.kz: UGC

Теңіз ауруы мен дауылдар секілді кедергілер нәзік жанды бойжеткеннің теңіз флотында қызмет етуге деген құлшынысына әсер ете қоймады. Бүгінде Дарья 21814 әскери бөлімшесінің екінші сатылы старшинасы болып қызмет етеді. Қазіргі таңда, ер азаматтардан құралған экипаж мүшелері оны "бойтұмар" санап кеткен.

Алғаш рет теңізге шыққан сәті бойжеткенге ұмытылмастай әсер қалдырған.

"Менің анам әскери-теңіз күштерінде қызмет етті. Алайда оның жұмысы құрлықта болса, мен теңізге шығуды армандадым. Алдымен кіші кеме мамандарының үш айлық кіші курсын өтіп, экипаж құрамына қабылдандым.
Менің теңізге алғаш шығуым естен кетпес әсер қалдырды. Ол кезде біз төрт балдық дауылға тап болдық. Қорқыныш сезімі мүлде болмады. Мен ұзақ уақыт бойы теңіз ауруы қашан басталар деп күттім. Бірақ ол әлі күнге дейін мені мазалаған жоқ" , - деді ару.
Фото: time.kz
Фото: time.kz: UGC

Дарья Кириченко өз мансабын байланыс қызметкері қызметінен бастаған. Екі жылдан кейін ерең еңбегі үшін екінші сатылы старшина дәрежесіне дейін көтеріліп, әскери бөлім байланыс командасының старшинасы болды.

Фото: time.kz
Фото: time.kz: UGC

Бойжеткен дабылдың 40-тан астам белгілерін жатқа біледі. Ол тіпті бірер секундта басқа кемеден келіп түскен хабарламаның не туралы екенін анықтай алады. Кілең азаматтардың арасында жұмыс істейтін қыз үшін ерекше жағдай қарастырылмаған. Ол басқа әріптестері қатарлы қызмет етеді.

Фото: time.kz
Фото: time.kz: UGC
"Бастапқыда ер адамдармен жұмыс істегенге ыңғайсызданатынмын. Кейіннен үйренісіп кеттім. "Қыз екен" деп ешкім ерекше жағдай жасаған жоқ. Бұл - әскери қызмет. Бәріміздің мүмкіндігіміз бен жұмысымыз бірдей. Біреудің жұмысын жеңілдету деген атымен жоқ.
"Ерекше ілтипатті маған тек 8 наурызда ғана танытады. Қалған күндері әдеттегідей. Бұл жерде сенің әскери қызметке қосқан үлесің бағаланады. Мұнда жынысыңның ерекшелігіңнің көк тиынға керегі жоқ" , - деді Дарья.
Фото: time.kz
Фото: time.kz: UGC

Әскери қызметін жоғары дәрежеде орындап келе жатқан ару соңғы кезде елімізде қыздар қауымының теңіз флотына деген қызығушылығы күн санап артып келе жатқанын айтады. Бойжеткеннің өзі бұл жетістігімен тоқтап қалмай, болашақта офицер атағын алуға оқталып отыр.

"Қазір әйелдер қауымының осы әскери-теңіз қызметіне қызығушылығы артып келеді. Сол себепті мен болашақта әйелдердің арасынан кеме командирі шығатынына сенімдімін" , - деп қорытындылады ару.
Фото: time.kz
Фото: time.kz: UGC

Айта кетейік, бүгінде сегіз мыңнан астам қыз-келіншек әскери қызметте жүр. 880-нен аса әйелдің офицерлік шені бар. Олардың 15-і полковник, 41-і подполковник болса, 134-і майор. Оған қоса, 690-нан астам ару кіші офицерлік құрамда қызмет етеді.

Время газетінде жарияланған материалды редакцияның рұқсатынсыз көшіріп-басуға тыйым салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1759806-mirin-skeri-teiz-kyzmetimen-bajlanystyrgan-aru-zajly-ne-bilemiz/

pixel