RU

Мүлде қартаймайтын қытайлық тележүргізуші әлем назарына ілікті (видео)

Қытайлық CCTV арнасының жүргізушісі 22 жылда мүлде өзгермеген деп жазады orbis.news сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

видеодан скриншот
Фото:видеодан скриншот: UGC

Ян Дан есімді ару телеарнаға 1996 жылы жұмысқа орналасыпты.

Содан бері ауа-райының жүргізушісі қызметін атқарған бикеш 22 жылда мүлде қартаймапты, тіпті кейбір көрермендердің пікірінше, одан бетер жасарыпты.

Әлеуметтік желі қолданушылары оның қартаймауының сырын ашамыз деп әлек болды.

видеодан скриншот
Фото:видеодан скриншот: UGC

Youtube хостингінде жүргізушінің сыртқы түр-әлпетінің өзгермегенін дәлелдейтін видео да пайда болған.

видеодан скриншот
Фото:видеодан скриншот: UGC

Желі қолданушылары Ян Данды "Қартаймайтын ару" деп атаған. Бұл бейнематериал 234 мың қаралым жинап, 20 мың пікір жазылған екен.

"Олар ауа-райының болжамының бәрін бір күнде түсіріп алған ба?", - деп жазды пікір білдірушілердің бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1760710-mlde-kartajmajtyn-kytajlyk-telezrgizusi-lem-nazaryna-ilikti-video.html