RU
Атышулы Замира Сұлтан көпшілікке өзінің жігітін көрсетті (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Атышулы Замира Сұлтан көпшілікке өзінің жігітін көрсетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Атышулы Замира Сұлтан көпшілікке өзінің сүйіктісін көрсетті. "Қалаулым" бағдарламасынан бақытын таппаған екі балалы келіншектің қолын сүйген жігіт оқырмандардың қызу талқысына түсті деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр. Коллаж: sn.kz

Фото: Видеодан кадр. Коллаж: sn.kz

Замира Сұлтан әлеуметтік желіге тарап кеткен видеода өзі науқастанып қалғандықтан, тамақ пісіре алмағанын айтқан. Есесіне, келіншектің жігіті оған дайын ас әкеліп берген.

"Бүгін белім ауырып, тамақ дайындай алмадым. Бірақ менің жаным маған палау әкеліп берді. Рахмет", - деген Замираның қолын белгісіз жігіт сүйген.

Бұл видеоны көрген желі қолданушылары өздерінің түрлі пікірін қарша боратты.

"Мына жігітті аяп тұрмын", "Көкпаршы жігітің осы ма, енді?", "Осы жігітпен бақытты болшы".

"Одан да екі балаңа қарасаңшы", "Мына жігітке де обал жоқ екен", "Адам сүйер қылығы жоқ қой өзінің", - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, осыған дейін Замира Сұлтан өзінің Бүркіт сияқты жігітті армандайтынын айтқан болатын.

Атышулы келіншек артынша өзінің 26 жастағы жігітін төсек қатынасы үшін пайдаланғанын да жайып салды.

Екі баласы бар келіншек әкесінің тәрбиесіндегі балаларымен қарым-қатынасы жайлы да мәлім еткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
25
1
2
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel