RU
Семейде әскери қызметкерден таяқ жеген жігіттің бас сүйегі сынып қалды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Семейде әскери қызметкерден таяқ жеген жігіттің бас сүйегі сынып қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Семейлік Айдар Серікбаев танысына амандасамын деп оңбай таяқ жеді. Ашуға булыққан танысы "көліктің есігін ашып, қайта-қайта амандастың" деп, сол жерде оның басын жарып тынған. Бұған қоса, дереу жедел-жәрдем шақырмай, Айдардың халі одан сайын нашарлауына себепкер болыпты. Соққының салдарынан бас сүйегінің жартысынан айырылған жігітке қазір шұғыл түрде ем қажет. Айдың күннің аманында мүгедек болып қалған жас жігіттің жанайқайын NUR.KZ тілшісі тыңдап қайтты.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ
Source: UGC

Семейде тұратын Айдар Серікбаевтың жасы небәрі 21-де. Танысына амандасамын деп барып, басынан оңбай соққы алған жігіттің қазір бас сүйегінің жартысы жоқ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

"Сәуір айының 29-ы күні өзімен бірге араласып жүрген Нұрдәулет деген, осындағы әскери бөлімшелердің бірінде қызмет ететін бала хабарласып, кездесейік деген.

Ойында ештеңе болмаған Айдар ол жігіттің көлігіне барып, амандаспақ болады. Ол кезде әлгі бала ағасымен сөйлесіп отырған екен. Содан Айдар да жуас бала, көліктің есігін ашып, қайта-қайта амандаспақ болып, қолын созады.

Бірақ әлгі жігіт оны елемей, көліктен түсе салып, Айдарды бетінен жұдырықпен ұрып жібереді. Ол аздай, шынтағымен тура басынан тағы да бір рет соққан.

Соққының қатты болғаны соншалық, баламның миы шайқалып, сол жерде ес-түссіз құлап түседі.

Бірақ, Нұрдәулет Айдардың жағдайы нашар болғанына қарамастан, жедел жәрдем де шақырмайды, тек Айдар қара түсті сұйықтық құсқанда ғана, 1-2 сағат өткеннен кейін дәрігерлерді шақыртады.

Содан Айдардың миына қан құйылып, екі апта комаға түсіп қалады. Дем ала алмай, арнайы тыныс алу аппаратының көмегіне жүгінді.

Сол кезде, ұрған баланың әкесі, бүкіл жанұясы келіп кешірім сұрады, сотқа арыз жазбауымызды өтінді. Жарайды, кешірейін, бірақ баламды аяқтан тік тұрғызып берсеңіздер дедім.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Айдарға екінші рет ота жасағанда жағдайы тым ауыр болды. Менингит болды, палатасына ешкімді жолатпады.

Соны сылтау қылып, бізді маңайларына жолатпады деп, Нұрдәулеттің туыстары сөздерінен айнып қалды.

Жолдасым қайтыс болған, осы жалғыз ұлымнан басқа ешкімім жоқ. Сап-сау балам аяқ астынан осындай күйге түсті. Қазір жұмыста да жоқпын, Айдарды бағып, үйде отырмын", - деп жанайқайын жеткізді жалғызбасты ана.

Әділдік іздеп шарқ ұрған ана әскери прокуратураға да барып, арыз жазғанын айтты.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізу барысында, сот-медициналық сараптама жүргізілді. Оның нәтижесі Айдар Серікбаевтың бас жарақатына себепкер болған сырқатқа Нұрғалиев Нұрдәулеттің қатысы жоқ екенін көрсетті. Сол себепті, қылмыстық іс жабылды", - деген ведомство берген жауабында.

Десе де, Бақытгүл Базарбаева сот-медициналық сараптама нәтижесіне сенбейтінін жеткізді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

"Сараптама нәтижелерін де сатып алып, ондағы мәліметтің бәрін жалған етіп көрсетіп отыр. Онда баламды "бұрыннан денсаулығы нашар, тіпті, ақыл-есі кем" деп жазып көрсеткілері келген.

Бір қызығы, сараптама жасарда баланы келіп тексеру керек қой? Оның бірі де болған жоқ, қалай сырттан отырып, осылай шешім шығара салады?

Егер басынан ұрмаса, тепсе темір үзетін жігіт мынадай күйге түспейді ғой? Қазір енді баламды аяқтан тік тұрғызу үшін, маған 6 миллион теңгедей ақша керек. Басына ота жасатпаса, жағдайы ауыр.

Бас сүйегінің жартысы жоқ, миы тек терімен қапталып тұр. Әділдік іздеп, көптен осылай көмек сұрауға мәжбүрмін", - дейді әділетсіздікке күйінген ана.

Аталған істің анық-қанығына көз жеткізу үшін, Айдарды ұрған Нұрдәулетке хабарласқанымызда "Қазір уақытым жоқ, жауап бере алмаймын" ,- деп жауап берді.

Ал, сараптама нәтижесін шығарған Семей қалалық сот-сараптама орталығының өкілдері болса "Телефон арқылы жауап бермейміз, ресми хат жолдауларыңызды сұраймыз", - деп қысқа ғана жауап берді.

  • Айдар Серікбаевқа көмек қолын созамын деушілер Айдар мен оның анасы Бақытгүл Базарбаевға қоңырау шалып, Kaspi Gold картасына ақша аудара алады:
  • 5169 4931 7274 5518
  • Бақытгүл Базарбаеваның телефон номері: 8 747 778 74 20
  • Айдар Серікбаевтың телефон номері: 8 771 624 12 96
Сіздің реакцияңыз
6
1
9
8
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel