RU
Алматы облысында анасы басын биттен тазартпақ болған қыз көз жұмды
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында анасы басын биттен тазартпақ болған қыз көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында анасы педикулезден емдемек болған екі жасар қыз көз жүмды. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: infpol.ru

Көрнекі фото: infpol.ru

Оқиға Талғар ауданындағы Туғанбай ауылында болған.

Екі және бес жасар қыздарын педикулезден емдемек болған келіншек әсері мықты ветеринарлық "Неоцидол" қосындысын сатып алыпты. Ол дәріні сумен араластырып, бүлдіршіндердің басына жаққан екен.

Біраз уақыттан соң екі балақайлардың жүректері айнып, ауыздарынан көбік аға бастапты.

Бұл жағдайдан шошынған әйел оларды бірден жергілікті амбулаторияға жеткізген екен.

Облыстық денсаулық сақтау бөлімінің мәліметінше, емханаға келгенде кішкентай қыздың жағдайы өте ауыр болған. Араға біршама уақыт салып ол көз жұмыпты.

Ал бес жасар қыз бұл дәрінің әсерінен жан сақтау бөліміне бір-ақ түскен. Ол жағдайы қалыпқа келген соң палатаға ауыстырылыпты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
4
6
8
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel