RU
Арыстанды атып өлтіру үшін ақша төлейтіндер әлем жұртын шошытты
Жаңалықтар Әлемде

Арыстанды атып өлтіру үшін ақша төлейтіндер әлем жұртын шошытты

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Африкаға барған туристер жаңа туған арыстанның баласымен суретке түсіп, желіде жариялауды әдетке айналдырған. Алайда ол аңдарды өсе келе ақысын төлеп, атып өлтіретіндер көбейген деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: РИА Новости / Павел Лисицын

Көрнекі фото: РИА Новости / Павел Лисицын
Source: UGC

Оңтүстік Африкада арыстаннан жаңа туған баласын бөліп алып, туристердің көңілін аулау - табысты бизнес көзіне айналған. Қонақтар оған тамақ беріп, суретке түсіп, аз уақыт ойнай алады.

Алайда жабайы жануар өсе келе, бай аң аулушылардың құрбанына айналатын көрінеді. Адамдар аң патшасын атып өлтіруді қызық көріп, ол үшін жақсы қаржы төлейді екен.

Арыстан қашып кетпесін деп оны қоршалған орынға қамайды. Кейде аңшыға оны атып құлату оңай болуы үшін арнайы екпе арқылы масайтып қояды.

Жабайы аңды ату құны шамамен 2 миллион теңгеден басталады.

Сіздің реакцияңыз
3
2
3
8
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel