RU
Денсаулық сақтау министрлігі бүкіл әлемге қауіп төндірген жаңа инфекция жайлы айтты
Жаңалықтар Қоғам

Денсаулық сақтау министрлігі бүкіл әлемге қауіп төндірген жаңа инфекция жайлы айтты

Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа инфекция түрінің пайда болғанын айтты. Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған ақпаратпен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Денсаулық министрлігі бүкіл әлемге қауіп төндіріп отырған жаңа инфекция туралы айтты

Көрнекі фото: Deita.ru

"Биыл инфекцияның жаңа түрі пайда болды. Оған ДСҰ "Х инфекциясы" деген атау беріп отыр. Бүгінгі күні ол жаһандық қауіп төндіруде", - деді Бекшин брифинг кезінде.

Еліміздің бас санитарлық дәрігері "Х инфекциясы" туралы толық ақпарат бермеді. Жандарбек Бекшин, сонымен бірге, Алматыдағы орталық референтті зертхананың ашылуына бір жыл толғанын да атап өтті.

Нысанды бүгінде денсаулық сақтау, білім және ғылым, сонымен бірге Қазақстанның ауыл шаруашылығы секілді үш министрлік пайдаланып отырғанын айтты.

"Әлемдегі барлық экономикалық мемлекеттердің осындай зертханалары бар. Бұл зертханалар мемлекеттердің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді Бекшин.

Спикердің айтуынша, мұндай зертханалар қандай да бір эпидемиялар немесе аса қауіпті инфекциялардың өршуі кезінде тұрақтылықтық кепілі бола алады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel