RU
Жер шарындағы ең әдемі ару анықталды (фото)
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Жер шарындағы ең әдемі ару анықталды (фото)

Рассказать Вконтакте

"Жер аруы-2018" байқауының жеңімпазы анықталды. Бұл атақ Вьетнамның намысын қорғаған 23 жастағы Фыонг Кхань Нгуенге бұйырған деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сұлулық байқауының тарихында алғаш рет Вьетнам еліне жеңіс сыйлаған ару маркетинг бойынша білім алып, ағылшын және вьетнам тілдерінде еркін сөйлейді. Ол байқауда елдің оңтүстігіндегі Меконг өзенін сақтап қалу үшін экологиялық жобасын таныстырған.

"Жер аруы-2018" байқауы үшінші қараша күні Филиппин астанасы Маниладағы Mall of Asia Arena кешенінде өтті.

Ал байқаудың өзге сұлулық сайыстарынан айырмашылығы мұнда қатысушылар экология тақырыбындағы жобаларын ортаға салды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
3
0
0
3
24
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel