RU
Ескендір Хасанғалиевтің ұлы елді дүрліктірген жалған ақпарат туралы айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ескендір Хасанғалиевтің ұлы елді дүрліктірген жалған ақпарат туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын желіде Ескендір Хасанғалиевтің қайтыс болғаны жайлы жалған ақпарат тараған еді. Көп ұзамай композитордың өзі "тірі" екенін көпшілікке мәлім етті. Халық әртісінің ұлы Біржан Хасанғалиев елді дүрліктірген сол оқиғаның мән-жайын айтып берді деп хабарлайды Астана арнасындағы "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әншінің ұлы әкесі жайлы ақпараттан соң жақындарының жылап хабарласқанын мәлім етті.

"Мұндай хабарды ешкім жақсылықпен қабылдамайды. Оның үстіне бұл әкең жайлы айтылған болса... Олармен күніне бірнеше рет хабарласып, жағдайын біліп отырамын. Бірақ, осы ақпарат маған келгенде, жүрегім ұшып кетті. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі туыстар жылап хабарласты", - деп ағынан жарылды Біржан Хасанғалиев.

Сондай-ақ, композитордың ұлы жалған мәлімет таратқандарға не істейтіндерін де жасырмады.

"Қазір ата-анамның келгенін күтіп отырмын. Мүмкін сотқа берерміз. Мүмкін өздерінің ұятына тапсырармыз. Кейде біреуді "өлді" десе, ол адамның өмірі ұзарады дейді ғой. Солай қабылдайық. Бір апта ішінде қандай шешім қабылдағанымызды жариялайтын боламыз", - деді Хасанғалиевтің ұлы.

Айта кетейік, осыдан бір ай бұрын Ескендір Хасанғалиев Астана қаласында ота жасатқан болатын.

Арада бір апта өткенде халық әртісі өзінің жағдайын қалыпқа келтіру үшін Оқжетпесте ем қабылдап жатқанын жазды.

Естеріңізге сала кетейік, Ескендір Хасанғалиевтің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
6
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel