RU
Тұмау кезінде неге сүт ішуге болмайды?
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Тұмау кезінде неге сүт ішуге болмайды?

Рассказать Вконтакте

Британдық ғалымдар сүт немесе сүт өнімдерін тұмаумен ауырған кезде қолдану оны тіптен асқындырып жіберетінін анықтады. Бұл туралы Day.Az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: day.az

Көрнекі фото: day.az

Мамандар адам ағзасында шырыштың бөлінуі мен тұмаудың байланысын зерттеп көрген. Шырыштың құрамында болатын бактерияға қарсы ферменттер микробты өлтіріп, адамды суық тиюден қорғайды.

Алайда ол ауырып қалған кезде шырыш өте көп мөлшерде бөлініп, науқастың жөтелі мен аллергиясы күшейе түсіп, дауысы қырылдайды екен.

Сүттің тұмау кезіндегі ағзаға әсерін бақылап көрген зерттеушілер 100-ден астам науқасқа тәжірибе жүргізген. Олардың барлығы алты күн бойы сүтсіз диетаға отырған. Зерттеудің үшінші тәулігінен бастап науқастардың жартысына 350 грамм сүт берілген.

Нәтижесінде белгілі болғандай, сүт өнімдерін тұтыну арқылы тұмаудың белгілері асқынып, шырыштың бөлінуі артқан. Сол себепті дәрігерлер ауырып қалған уақытта одан бас тартқан жөн дейді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
6
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel