Әлемдегі ең сексуалды ер адам анықталды (фото)
Опубликовано:
People журналы 2018 жылғы ең сексуалды ер азаматты анықтады. Ол атақ британдық актер Идрис Эльбаға бұйырған деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Әртістің өзі мұндай атаққа таңғалғанын жасырмады.
"Айнаға қарап, өзіме баға бердім. Бүгін шынында тартымды болып тұрған сияқтымын. Шынымды айтсам, мұндай атаққа қуандым. Бұл тамаша тосынсый әрі өз-өзімді жоғары бағалаудың бір жолы", - дейді ол.
46 жастағы Идрис "Рок-н-рольщик", "Большая игра", "Прометей" сынды кинолармен Marvel студиясының "Тор" фильмінің сериясында ойнаған. Сондай-ақ "Лютер" сериалында басты рөлді сомдаған.
Айта кетейік, 2017 жылы дәл осы атақты америкалық әнші Блэйк Шелтон алған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1762029-lemdegi-e-seksualdy-er-adam-anyktaldy-foto/