RU
Қызының туған күніне үш күн қалғанда көз жұмған ананың хаты жұртты жылатты
Жаңалықтар Әлемде

Қызының туған күніне үш күн қалғанда көз жұмған ананың хаты жұртты жылатты

Рассказать Вконтакте

Өмірінің соңғы күндерінде қызына арнап жантебірентерлік хат жазған ана жұртты жылатты. Бұл туралы Life сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Facebook/ Sara's journey

Фото: Facebook/ Sara's journey

Англияның Вустершира қаласының тұрғыны Сара Меддингске дәрігерлер сүт бездерінің қатерлі ісігі диагнозын қойған. Өкінішке орай, ол артынша лимфа түйіндеріне таралып кеткен.

Фото: Facebook/ Sara's journey

Фото: Facebook/ Sara's journey

Өмірінің соңғы күндері қалғанын сезінген келіншек қызы 12 жасқа толуына үш күн қалғанда жантебірентерлік хат жазып, әлеуметтік желіде суреттерін жариялаған.

Ал суретте Сара өзінің қызы мен 15 жастағы ұлын құшақтап тұрған екен.

Фото: Facebook/ Sara's journey

Фото: Facebook/ Sara's journey

"Бұл суреттің түсірілгеніне көп болған жоқ. Алайда мен сол күнді қайтару үшін барлығын берер едім. Еш нәрсені міндетті деп қабылдамаңыздар. Махаббатқа лайықты адамдарды жақсы көріңіздер. Қарапайым нәрселердің әсемдігін көре біліңіздер. Өзіңіз өзгерте алмайтын нәрсеге бас қатырмаңыздар. Ешқандай да сәтті күтпеңіздер, мейірімді болып, өмірден рахат алыңыздар",- деп жазған ол парақшасында.
Фото: Facebook/ Sara's journey

Фото: Facebook/ Sara's journey

2015 жылы Сарада сүт бездерінің қатерлі ісігі анықталған. Көптеген химиялық терапиялар өткізгенімен, ол аурумен күресе алмаған екен.

Жеті ай өткен соң дәрігерлер ісіктің лимфа түйіндеріне тарап кеткенін айтыпты.

Фото: Facebook/ Sara's journey

Фото: Facebook/ Sara's journey

Сара ауырып жүрген уақытында достары мен отбасына арнап түрлі жантебірентерлік хаттар жазып қалдырған.

Ал әйел көз жұмған соң оның парақшасында адамдардың қайғырып, көңіл айтқан пікірлері қаптап кетіпті.

Фото: Facebook/ Sara's journey

Фото: Facebook/ Sara's journey

"Біз қатты таң қалдық. Ол нағыз шабыт беретін адам еді. Біз, әсіресе, оның екі баласы мен бірге Сараны қатты сағынатын боламыз",- деп жазған марқұм әйелдің анасы.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
22
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel