RU
Үлкен мүмкіндік: "Қазақ" радиосы дикторларға кастинг жариялады
Жаңалықтар Қоғам

Үлкен мүмкіндік: "Қазақ" радиосы дикторларға кастинг жариялады

Рассказать Вконтакте

«QAZAQ RADIOLARY» серіктестігі қазақ радиосының «Алтын дауысы» – Әнуарбек Байжанбаев, «Сандуғашы» –Сауық Жақанова сынды тұлғалардың ізін жалғайтын, «Qazaq radiosy» «Shalqar», «Astana», «Classic» радиоларының жаршысы атанар талантты жасты анықтау мақсатында дикторлыққа кастинг жариялады.

Қазақ баласы

Астана қаласының қатысушылары үшін кастинг 23 қараша күні сағат 15:00-де Қонаев көшесі 4-ғимаратта орналасқан Қазмедиа орталығында өтеді.

Қатысушылар 20 қарашаға дейін kazdictor@gmail.com электронды поштасына жеке төлқұжатының суретін жіберуі міндетті.

Ал еліміздің басқа аймақтарынан қатысуға ниет білдірген азаматтар кез келген ақынның бір өлеңін (3мин) және ақпараттық мәтінді (1мин) оқып mp3 форматта, өңдеусіз kazdictor@gmail.com поштасына жіберуі керек. Аудиомәтіндер жақшада көрсетілген уақыттан аспауы тиіс.

Кастингке түскен материалдарды іріктеу уақыты қарашаның 1-і мен 20-сы аралығы, 23 қарашада қорытындыланады.

Сондай-ақ, қатысушылар төлқұжатының суретін де (екі жағы) жоғарыда көрсетілген электронды мекенжайға жіберуі керек.

Кастингке 18 бен 30 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады.

Қатысушының көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнері мен тіл тазалығына баса назар аударылады.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 75 73 12, 8 (7172) 75 72 90

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel