Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теңдессіз адалдық: Қарағандыда өлген жұбын күзеткен аққу мерт болды

Опубликовано:

Қарағанды хайуанаттар бағында өлген жұбын бірнеше күн бойы далада күзеткен аққу өлді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

stihi.ru
Көрнекі фото:stihi.ru: UGC
"Өкінішке орай, оны құтқара алмадық. Аққу хайуанаттар бағына жеткізілгенде өте әлсіз еді, аман қалатынына сенімді болған жоқпыз", - деді "Қарағанды хайуанаттар бағы" мемлекеттік мекемесінің орнитология бөлімі меңгерушісі Зәуреш Шерімбаева.

Сыңарының өлімі аққудың денсаулығына кері әсер етіп, ол көз алдымызда сола бастады.

Аққулардың адалдығы жайында көптеген аңыз бары бекер емес. Олар өмірлік серік ретінде өздеріне бір ғана сыңар таңдайды. Егер құстың сыңары өлсе, ол өзіне басқа жұп іздемейді. Аққулардың махаббат символына айналғандары да сондықтан.

Естеріңізге сала кетсек, қыркүйек айында Абай мен Вольный елдімекендерінің арасында қайғылы оқиға болған еді. Саңырауқұлақ теріп жүрген әйел далада екі аққуды тауып алған. Аққудың аналығы жарақаттардан қансырап өлген, ал қасында екінші жаралы аққу оны күзетіп отырыпты.

Оқиға орнына жеткен ветеринар-зоологтар тірі аққуды хайуанаттар бағына жеткізген. Ұзақ уақыт бойы олар құсты аман алып қалуға тырысқанмен, аққуды құтқара алмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1762141-tedessiz-adaldyk-karagandyda-lgen-zbyn-kzetken-akku-mert-boldy/

pixel