RU
Танымал қазақ дизайнері алты жарым сағат бойы жүрексіз жатқан (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Танымал қазақ дизайнері алты жарым сағат бойы жүрексіз жатқан (видео)

Рассказать Вконтакте

Танымал отандық дизайнер Берік Ысмайылов өзіне жасалған ауыр ота жайлы "Ойбай Life" бағдарламасында айтып берді. Сән үйінің директоры аурухана төсегінде 6,5 сағат бойы жүрексіз жатқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Берік Ысмаилов. Фото:juldizdar.kz, "Ойбай life" бағдарламасынан

Берік Ысмаилов. Фото:juldizdar.kz, "Ойбай life" бағдарламасынан

Бағдарлама барысында "Берік Ысмайылов" сән үйінің басшысы отаның орнын көпшілікке көрсеткен.

"Көретін жарығым бар екен. Міне, осылай кеудені кесіп (ред: дизайнер тігіс орнын көрсеткен), жүректі тоқтатады. Мына өмірде әлі де атқаруым керек тірлік бар шығар. Тірі қалдым", - деп ағынан жарылды Ысмаилов.

Айта кетейік, бағдарламаның толық нұсқасын "Ойбай Life" бағдарламасынан көре аласыздар.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін "Ойбай Life" бағдарламасына Бүркіт пен Аиша, Тәуекел Мүсілім, Айжан Нұрмағамбетова, Әлішер Кәрімов секілді отандық өнер иелері келген болатын.

Бағдарламаның өткен санына қонаққа келген Аиша үшінші баласын өмірге алып келгеннен кейін екі ай бойы қатты қиналып, ауырғанын мәлім еткен болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
7
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel