RU
Аяқ-қолы жоқ фотограф суреттерімен елді тәнті етті
Жаңалықтар Әлемде

Аяқ-қолы жоқ фотограф суреттерімен елді тәнті етті

Рассказать Вконтакте

Индонезиялық фотограф Ахмад Зұлқарнайын туғанынан аяқ-қолсыз. Бірақ оның суреттеріне қарап ешқашан бұлай ойламайсыз. 26 жастағы жігіт ғажайып суреттер түсіреді. Бұл туралы pixanews сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

pixanews.com

Фото:pixanews.com
Source: UGC

Ахмад Зұлқарнайын ауыр тұқым қуалайтын аурымен туылған, оның аяқ-қолы дамымай қалған. Дегенмен, 26 жастағы фотограф сүйікті ісімен шұғылданып, өз ісінің шеберіне айналған. Ол әртүрлі стилдегі суреттер түсіріп, мүгедектік шырғалаңына түспеуге шақырады.

Ахмад кәсіби фотограф. Бір қарағанда ол фотоаппаратты немен ұстайды деп ойлайсыз. Камераны ол иығы мен аузының көмегімен қолданады.

Ахмад жастайынан суретпен айналысады. Оның Bang Dzoel атты фотостудиясы да бар.

Ахмад тапсырыс бойынша фотосессия ұйымдастырады және жүрек қалауы бойынша суреттер де түсіреді.

Бозбала тұрмыс-тіршілікті, модельдердің портфолиосын және табиғат көріністерін суретке түсіргенді ұнатады.

"Суреттерімді көріп адамдар менің қандай болып туылғанымды емес, дарынымды көргендерін қалаймын", - деді Зұлқарнайын.

Ахмад туралы Индонезияда тілшілер көп жазады. Ол көптеген адамдар үшін үлгі. Суреттерді түсіруге барған кезде Ахмад көлігін өзі жүргізеді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
2
11
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel