RU

Әділбек Ниязымбетов бокспен қош айтысты

2012 және 2016 жылғы Олимпиада ойындарында екі дүркін күміс жүлдегері атанған Әділбек Ниязымбетов бокстағы мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов мәлімдеді деп хабарлайды sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: kfb.kz
Фото: kfb.kz: UGC

Жаттықтырушы Әділбектің бұл шешімді ақылдасып қабылдағанын айтты.

"Әділбек бізбен ақылдасып, осы шешімге келді. Ол Қазақстан құрамасында біраз жыл өнер көрсетті, елімізге көптеген жеңістер әкеліп, Қазақстан байрағын көкте желбіретті. Оның жарақаттары бар, ал оларды емдеуге көп уақыт кетеді. Біз үшін спортшының денсаулығы бірінші орында. Сол себепті біз Әділбектің бұл шешімін қолдап, оның еңбегі үшін алғыс білдірдік. Мен өз атымнан және жаттықтырушылар штабының атынан Әділбектің барлық бастамаларына сәттілік тілеймін", - деді Мырзғали Айтжанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1762957-dilbek-niazymbetov-bokspen-kos-ajtysty.html