RU
Жұлдыз Өмірғали: Баян ханым "біреудің күйеуін тартып ал" деп айтпаған
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жұлдыз Өмірғали: Баян ханым "біреудің күйеуін тартып ал" деп айтпаған

Рассказать Вконтакте

Атышулы "Қалаулым" бағдарламасына келіп, Айқын екеуінің махаббат хикаясын айтқан Жұлдыз Өмірғали көз жасын тоқтата алмады. Ол өз әрекеті үшін халықтың қарғысына қалып жүргенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ kalaulymshow

Фото: Видеодан кадр/ kalaulymshow

Айқынның айтқанын екі етпей, "үндеме десе үндемей, сөйле десе сөйлеп" жүрген Жұлдыз бұл жолы ағынан жарылды.

КешYou тобының бұрынғы мүшесі алғашында Айқынның жұбайы бар екенін білмегенін, олар үш жыл кездескенін айтты.

Сондай-ақ, ол ғашығының жұбайымен түсірген клипі шыққан соң онымен біршама уақыт сөйлеспей кеткенін, артынша Айқын жылап келіп, өзін таңдағанын жеткізді.

"Көрерменнің пікірі көңілге қатты тиеді. Маған қарғыс сөздер айтатындар көп. Клип шыққан соң Айқын маған жылап келіп, мені таңдайтынын айтты",- деді Жұлдыз.

Одан бөлек, әнші өз әрекеті үшін Баян Алагөзовадан ұялатынын, ол жүрегі таза адам екенін атап өтті.

"Бәрі Баян Мақсатқызын кінәлайды. "Мұғалімі қандай болса, шәкірті сондай" деп айтып жатыр. Бірақ, олай емес. Біздің жүріп жүргенімізге жарты жыл болған уақытта Баян Мақсатқызының басында қайғылы жағдай болды.

Мен ол кісінің алдында өзімді кінәлі сезінемін. Бұл жағдайға Баян Мақсатқызының еш қатысы жоқ.

Ол кісі "Барып, біреудің күйеуін тартып ал" деп айтпайды. Ол кісі өте керемет, жүрегі кең, мейірімді адам", -деп ағынан жарылды көз жасына ерік берген Жұлдыз.

Сондай-ақ, әнші тоғыз жыл бұрын дүниеден озған әкесі тірі болғанда бәрі басқаша болар ма еді деп ойлайтынын жеткізді.

Айта кетейік, Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидың әндерін MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
53
1
2
5
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel