Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Басы дауға қалған Өскеменнің экс-әкімі намысын қорғау үшін сотқа жүгінді

Опубликовано:

Осы жылдың сәуір айында Риддерде болған қанды жол апатынан кейін басы дауға қалған Өскеменнің бұрынғы әкімі Қуат Тумабаев ар-намысын, қадір-қасиеті мен іскерлік беделін қорғау үшін сотқа арыз берді. Бұл туралы YK-news.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Алтайньюс
Фото: Алтайньюс: UGC

Іс материалдары бойынша, сәуір айының ортасында Қуат Тумабаев Риддер әкімі орынбасары Бауыржан Құрманбаевтың көлігінде болған.

Жолда жоғары жылдамдықпен жүрген Құрманбаев 18 жастағы жігітті қағып кетеді. Ал осы мезетте Қуат Тумабаев тез арада оқиға орнынан таса болады.

Сотта әкімнің орынбасарын қанды оқиғада кінәлі деп тауып, Тумабаев куәгер ретінде қатысқан.

Ал артынша полицейлер Сымбат Қарақұлов пен Сымбат Қайратов бірнеше телеарнаға өз нұсқаларын айтып берген екен.

Олардың сөзінше, тәртіп сақшылары ішінде Тумабаевтың өзі отырған Риддер әкімі орынбасарының көлігін тоқтатыпты. Алайда мас күйде болған жүргізуші еш сұраққа жауап бергісі келмей, құжаттарын да көрсетпей қойған.

Осы кезде оқиға орнына Риддер Ішкі істер бөлімінің басшысы да келген екен. Кейіннен басшылар полицейлерден жол апатына Тумабаевтың қатысы бар екенін жасыруды талап етіп, қызметтен қуып жіберген көрінеді.

Анықталғандай, Тумабаев өзіне жала жауып, беделін түсірген екі полицейді жазалау туралы шешім қабылдаған.

22 қазан күні өткен сот отырысында ұрынғы қала басшысы екі полицейдің сөздері өтірік екенін, олар өзінің беделін түсіргенін айтқан.

Моральді шығын ретінде бұрынғы әкім Қарақұлов пен Қайратовтан әрқайсысынан үш млн теңге талап еткен.

Ал тексеру барысында Тумабаевтың полицейлердің талаптарын орындамағаны рас екені анықталды. Тәртіп сақшыларының бұл сөздерін әкімнің бұрынғы орынбасары да растап отыр. Бұл Сымбат Қарақұловтың БАҚ өкілдеріне жалған ақпарат бермегенін білдіреді.

Ал Сымбат Қарақұловтың "Тумабаев мас күйінде жоғары жылдамдықпен жүрді" деген сөздері дәлелденген жоқ.

Нәтижесінде сот бұрынғы шенеунік ұсынған талаптарды ішінара орындауды шешті. Үш млн теңгенің орнына Қайратов 100 мың теңге төлейтін болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1763098-basy-dauga-kalgan-skemenni-eks-kimi-namysyn-korgau-sin-sotka-zgindi/

pixel