RU

Елімізге белгілі 33 жастағы спортшы жігіт көз жұмды

Отандық дзюдошы Жасұлан Әбиев 12 қараша күні дүниемен қош айтысты. Барша жұрт желіде оның қазасына қайғырып, жақындарына көңіл айтуда деп хабарлайды NUR.KZ.

Instagram желісіндегі judo_kazakhvines парақшасы 33 жастағы дзюдошының қазасы туралы қайғылы хабарды жариялаған.

Ол 60 келілік салмақ дәрежесінде еліміздің бетке ұстар спортшысы болды.

"Жасұлан Қазақстандағы және халықаралық спорт жарыстарында жүлделі орындар иеленіп, елдің атын шығарған батыр балуан еді. Біз сені әрдайым жақсы сөздермен есімізге аламыз ", - деп жазған желідегі парақшада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763479-elimizge-belgili-33-zastagy-sportsy-zigit-kz-zmdy.html